Мемлекет басшысы Монако Князі ІІ Альбермен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Монако Князі ІІ Альбермен кездесті

14.11.2014
Мемлекет басшысы Монако Князі ІІ Альбермен кездесті

Мемлекет басшысы Монако Князі ІІ Альбермен кездесті.

Кездесу барысында екі мемлекеттің басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Тараптар жаңғыртылатын энергетика, туризм және электроника салаларында екіжақты іс-қимылды дамытуға зор әлеует бар екенін атап өтті.   

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Альбер II күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты.

Монако Князі сапары аясында Тұңғыш Президент кітапханасын аралады. Онда құрметті қонаққа «Әлемді өзгертетін идеялар» деп аталатын интерактивті білім орталығы және тақырыптық кітап коллекциялары таныстырылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу