Гүлмира Шалабаева Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының жаңа директоры болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гүлмира Шалабаева Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының жаңа директоры болып тағайындалды

14.11.2014
Гүлмира Шалабаева  Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының жаңа директоры болып тағайындалды

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бұйрығымен Гүлмира Шалабаева Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы министрліктің ресми сайты хабарлады.

Айта кетейік, Г.Шалабаева  бұған дейін ҚазАКС Мемлекеттік киносының бас редакторы, педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, ҚР Жастар ісі комитетінің жетекші маманы, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Философия және политология институтының жетекші ғылыми қызметкері, Қазақстан ғылым академиясының философия институтының бас ғылыми қызметкері болды.

50-ден аса ғылыми жұмыстардың авторы. Мемлекеттік және халықаралық жүлделермен марапатталған.

Хабарламаларға жазылу