Астана қаласының әкімдігі ЕХРО-2017 нысандарының құрылысшыларын кәсіби оқытуға көмектеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласының әкімдігі ЕХРО-2017 нысандарының құрылысшыларын кәсіби оқытуға көмектеседі

13.11.2014
Астана қаласының әкімдігі ЕХРО-2017 нысандарының құрылысшыларын кәсіби оқытуға көмектеседі

Астана қаласының әкімдігі ЕХРО-2017 нысандарын салуға тартылған құрылыс фирмалары, Есіл аудандық прокуратурасының басшылары, ІІД Әкімшілік полиция басқармасы және Көші-қон полициясы басқармасы, Астана қаласының ТЖД, «Астана ЕХРО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ еңбек инспекциясы өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында салынып жатқан ЕХРО-2017 нысандарында өндірістік жарақат алудың алдын алу, өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті қорғау мәселелерін талқылады.

Есіл аудандық прокурорының орынбасары Бауыржан Ермегияев басшылардың назарын шетелдік жұмыс күшін жалдау кезінде заңнаманың бұзылуына және құрылыс жұмыстары барысында техникалық қауіпсіздікті қатаң сақтауға назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша қала әкімдігі құрылысшыларды оқытуға көмектесетін болды. 13-15 қарашада «Әбу Даби Плаза» құрылыс алаңында «Астана ЕХРО-2017» көрме кешенін салушыларға «Құрылыс ағашын монтаждау және конструкциялар» тақырыбында өтетін шеберлік сыныбына қатысу ұсынылды.

Хабарламаларға жазылу