«Түнгі студияда» – DJ Баур - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияда» – DJ Баур

13.11.2014
«Түнгі студияда» – DJ Баур

DJ Баур – 100-ден астам ремикс хит, трек, мешаптың авторы. Ол – жеке стилі қалыптасқан, ТМД елдері арасындағы үздік ондыққа кіретін музыкант. LUXURY MUSIC лэйблының әртісі, КРЫША-БАР (Алматы), ШОКОЛАД (Астана), LONDON, LOUVRE (Мәскеу) клубтарының резиденті.

Ол бүгінде Ресей және ТМД елдеріндегі ең заманауи клубтардың құрметті қонағы. Негізі «House» стилінде жұмыс істейтін музыкант шығармашылықпен 2000 жылдан бері айналысады.

Гастрольмен Еуразияның 30-дан астам елін аралаған ди-джей бүгін 23.30-да «Түнгі студияда» қонақта.

Хабарламаларға жазылу