«Айгөлек» байқауында «Жасөспірімдер әні» номинациясының жеңімпазы Назым Дәулетқызы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айгөлек» байқауында «Жасөспірімдер әні» номинациясының жеңімпазы Назым Дәулетқызы атанды

13.11.2014
«Айгөлек» байқауында «Жасөспірімдер әні» номинациясының жеңімпазы Назым Дәулетқызы атанды

«Айгөлек» республикалық балалар байқауының 6-маусымында «Жасөспірімдер әні» номинациясының жеңімпазы қызылордалық Назым Дәулетқызы атанды. Ол байқаудың ақтық сынында «Желсіз түнде жарық Ай» әнін орындады. 

Ал бірінші орынды атыраулық Айнұр Тасымова иеленді. Ақтық сында ол Дастан Оразбековпен «Астана - менің махаббатым» әнін орындады. 

Байқауда екінші орынды Аяжан Асылбек алды. Қызылордадан келген өнерпаз байқауда «V-ӘЛЕМ» тобымен «Кең дала» әнін шырқады. Үшінші орынды Жанар Дұғаловамен өнер көрсеткен Ақтолқын Русланова иеленді. Олар концертте «Ізін көрем» әнін орындады. 

Байқау дипломанты атанған Асылай Жүніс Бауыржан Исаевпен «Ата-анама арнау» әнін айтты. 

Айта кетейік, кеше Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында байқаудың финалдық концерті өтті. Жеңімпаздарға халықаралық байқауларға жолдама берілді. 

 
Концерт алдағы уақытта «Балапан» телеарнасының эфирінен көрсетіледі. 

Хабарламаларға жазылу