Әлімхан Әбеуұлы – тұңғыш қазақ математигі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлімхан Әбеуұлы – тұңғыш қазақ математигі

11.11.2014
Әлімхан Әбеуұлы – тұңғыш қазақ математигі

Ермеков Әлімхан Әбеуұлы – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» партиясы мен «Алашорда» қозғалысы жетекшілерінің бірі, қазақтың тұңғыш математигі, профессор, ғұлама ғалым, белгілі ағартушы, қазақ тіліндегі тұңғыш «Жоғарғы математика курсы» оқулығының авторы.

Әлімхан Әбеуұлы институтта оқып жүріп Г. Потанинмен танысады. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев, М.Дулатов сияқты зиялы қауым өкілдерімен, ғалымдармен етене жақын араласып, ұлт азаттығы жолындағы күреске қатысқан.

1917 жылы Алаш автономиясы құрылғанда, 26 жасында жаңа үкіметтің жаңа Премьер-министрінің орынбасары, әрі Ел шаруашылығын жоспарлау комитетінің төрағасы болып тағайындалған.

Жасынан ілім-білімге құштар Әлімхан Әбеуұлы туралы толығырақ бүгін 14.00-де «Ұлт мақтанышы» хабарынан біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу