Мемлекет басшысы Франк-Вальтер Штайнмайерді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Франк-Вальтер Штайнмайерді қабылдады

10.11.2014
Мемлекет басшысы Франк-Вальтер Штайнмайерді қабылдады

Елбасы Германияның федералдық сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайерді қабылдады.

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық және отын-энергетикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер туралы сөз қозғалды.

Қазақстан Президенті өткен айда Федералдық канцлер А.Меркельмен Миланда жүргізілген келіссөздердің нәтижелілігін  айтты.  

«Біз Сіздің елді Қазақстанның Еуропадағы негізгі серіктесі санаймыз және барлық бағыттар бойынша әрі қарай да жұмыс істеуге дайынбыз», – деді Мемлекет басшысы.

Кездесу үшін алғысын білдірген Ф.Штайнмайер бұл оның Қазақстанға Германия сыртқы істер министрі ретінде келген үшінші сапары екенін айтты.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың дамуына тың серпін бере алатын бірқатар бағыттарға назар аударды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу