Елбасының қатысуымен «Нұр Отан» партиясының кеңейтілген отырысы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасының қатысуымен «Нұр Отан» партиясының кеңейтілген отырысы өтеді

10.11.2014
Елбасының қатысуымен «Нұр Отан» партиясының кеңейтілген отырысы өтеді

Қазақстан Президенті 10 қарашада Германияның федералдық сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайерді қабылдайды.

11 қарашада Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысады, деп жоспарлануда. Жиында партияның сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру жайы қаралады, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған партиялық іс-қимыл бағдарламасы талқыланбақ.

12 қарашада Қазақстан Президенті Астанада Грузияның премьер-пинистрі Иракли Гарибашвилиді қабылдайды.

14 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының жаңа үлгідегі әскери қалашығының ашылуына қатысады,деп күтілуде.

Қалашықтың заманауи инфрақұрылымы Астанадағы қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қорғау жөніндегі әскери-қызметтік міндетті сапалы атқаруға мүмкіндік береді.

Бұл күні 50-ден астам ғимаратты бір мезгілде тапсыру жоспарланған, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  

Хабарламаларға жазылу