Қазақстан Қырғыз Республикасының Кеден одағына қосылуын қолдайды – Н.Назарбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Қырғыз Республикасының Кеден одағына қосылуын қолдайды – Н.Назарбаев

07.11.2014
Қазақстан Қырғыз Республикасының Кеден одағына қосылуын қолдайды – Н.Назарбаев

Бішкекте Абайға, ал, Астанада Манасқа арналған ескерткішті орнату жұмыстары аяқталуға жақындады.

Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстан мен Қырғыз Республикасы жоғарғы мемлекетаралық кеңесінің төртінші отырысынан кейінгі бірлескен мәлімдемеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

«Бішкекте Абай ескерткішін және біздің елордамызда Манасқа арналған ескерткішті орнатудың ұйымдастырушылық мәселелері аяқталу кезеңінде тұр.

Сонымен қатар, Шоқан Уәлиханов пен Шыңғыс Айтматовтың есімдерін тарихта мәңгі сақтау бағытында жұмыстар жүргізілуде», - деді Елбасы.

Қазақстан Президенті соңғы жылдары Қырғыз еліндегі жағдай тұрақталып келе жатқандығын, даму жолына түскендігін атап өтті.

Мұнымен қоса, Н.Назарбаев Қазақстан Қырғыз Республикасының Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке қосылуына дайындыққа жан-жақты көмек көрсететіндігін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу