Елордада заңсыз сауда мен жарнама орындары жойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада заңсыз сауда мен жарнама орындары жойылады

07.11.2014
Елордада заңсыз сауда мен жарнама орындары жойылады

Өткен айда тексеру барысында заңсыз орнатылған 7 сауда нысаны анықталған. Рұқсат құжатсыз орнатылған 40-тан астам сыртқы жарнама нысаны мен 7 нысанның түнгі жарықтандыру жарнамалары қалпына келтірілді. Бұл туралы Алматы ауданы әкімі аппараты хабарлады.

Қазіргі кезде аталған заң бұзушылықтардың жолын кесу бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Ал, заңды сақтамаған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынады.

Айта кетейік, заң бұзушылықтарға жол бермес үшін барлық кәсіпкер мен заңды тұлға сыртқы жарнаманы, жарнамалық конструкцияларды, маңдайша жазулар мен кез келген басқа да ақпаратты Астана қаласының Сәулет және қала құрылыс басқармасымен келісуге тиіс. Көше бойында сауда-саттықпен айналасу үшін кәсіпкерлер Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының рұқсатын алу керек. 

Хабарламаларға жазылу