«Түнгі студияда» - әнші Авраам Руссо - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияда» - әнші Авраам Руссо

06.11.2014
«Түнгі студияда» - әнші Авраам Руссо

Авраам Руссо ән айтумен бала кезінен айналысқан. Ол сондай-ақ, түрлі  шығармашылық байқауларды қалт жібермей, бәріне қатысуға тырысып өседі. Ал, 16 жасынан бастап кішігірім кафе, мейрамханаларда ән айтып, отбасын асыраған. Әнмен кәсіби түрде тек университетті тәмамдаған соң ғана айналыса бастайды.

Әлемді саяхаттап жүріп, түрлі мемлекетте өнер көрсеткен ол барған елдерінің тілін де үйреніп алады екен. Әнші бүгінде 13 тілде сөйлей алады. Олардың арасында ағылшын, армян, француз, итальян, грек, неміс, қытай, түрік, испан, араб, хинди, иврит және орыс тілдері бар.

Бүгін  әнші «Түнгі студияда» қай тілде сөйлейді? 23.30-да Ұлттық арнадан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу