«Жыл сайын елде 40-50 үшем дүниеге келеді. Жергілікті атқарушы органдар үшем босанған аналарды қолдап, оларға отын, азық-түлік және басқа да қажетті заттар ұсынып, қолдау білдіреді.
Бірақ үшем босанған аналарды үймен қамтамасыз ету турасында заңнамалық деңгейде нормалар қарастырылмаған», - деді ол «ҚР тұрғын үй қатынастары жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылау кезінде.
Сонымен қатар, Айтахановқа заң жобасының мемлекеттік қордан баспана алуға кезекке тұру үшін азаматтан сол қалада кем дегенде 3 жыл тұруы талап етілетіні туралы нормасы ұнамады, деп жазады Tengrinews.kz.
«Әрине, мұндай шектеулер Астана мен Алматыда жарамды шығар, бірақ басқа қалаларға жарамсыз. Себебі ауыл тұрғындары білім алу үшін, жұмыс табу үшін, емделу үшін қалаға келеді. Бұл заңды.
Тізімделу үшін қалада 3 жыл тұруы керек деген шектеу - құқығына қол сұғушылық, тіпті дискриминация, бұл біздің Конституциямызға қайшы келеді.
Сонымен қатар, көпшілік қалаларда босап тұрған үй жетіп артылады, біз оларды дұрыс қолдануымыз керек. Біз кедергілерді қолдан жасамауымыз қажет, бұл біздің әлеуметтік саясатымызға қайшы келеді. Біз керісінше азаматтарымызды баспанамен қамтамасыз ету жолдарын ойластыруымыз керек», - деп мәлімдеді депутат.