Гүлшара Әбдіхалықова Жамбыл облысына барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гүлшара Әбдіхалықова Жамбыл облысына барады

06.11.2014
Гүлшара Әбдіхалықова Жамбыл облысына барады

7 қараша күні Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықованың жетекшілігімен Жамбыл облысына делегация барады.

Іс-сапар барысында «Құрылыс, химия, және агроөнеркәсіп салаларының жүйесін кәсіби және техникалық жаңғырту сұрақтарына» қатысты басқосу өтпек.

Оған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым, Денсаулық сақтау және Әлеуметтік даму министірліктерінің, «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ-ның, Жамбыл облысы үкіметінің және Кәсіпкерлер палатасы басшыларының, сонымен қатар құрылыс, химия және агроөнеркәсіп компанияларының бас жетекшілерінің, Жамбыл облысындағы колледж өкілдері қатысады.

Кеңестің мақсаты – құрылыс, химиялық, агроөнеркәсіп салаларындағы компанияларды білім беру жүйесін еңбек нарығының талаптарына сай реформалауға тарту және жұмыс берушілермен әріптестік байланыстар орнату.

Сондай-ақ, кеңес шеңберінде Жамбыл облысының химиялық жобаларын кадрлармен қамтамасыз ету бойынша бірыңғай тәсілдерін әзірлеу үшін келіссөздер жүргізетін топтар құру мәселесі талқыланбақ.

Іс-шара нәтижесінде құрылыс, химия, агрокәсіп салаларының мамандарын дайындауына қатысты  нақты ұсыныстар шығарылатын болады.

Хабарламаларға жазылу