Мемлекеттік тұрғын үй алуға үміткер адамдардың тобы Заң жүзінде анықталады - Ерболат Досаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік тұрғын үй алуға үміткер адамдардың тобы Заң жүзінде анықталады - Ерболат Досаев

06.11.2014
Мемлекеттік тұрғын үй алуға үміткер адамдардың тобы Заң жүзінде анықталады - Ерболат Досаев

«Заң жобасы бойынша мемлекеттік тұрғын үй алуға үміткер адамдардың тобын анықтау мақсатында «бюджеттік ұйымдар» ұғымы енгізіледі.

 Сонымен қатар,  уәкілетті органдардың тұрғын үйге қойылатын техникалық талаптары бойынша құзыретін анықтау қарастырылып, кондоминимум нысанын басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету көзделген.

Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың айтуынша, бүгінгі күні бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне жатқызылатын азаматтар тобы еліміздің қандай да бір заңнамалық актісінде анықталмаған.

«Ал баспанаға кезекте тұрғандардың тізімін жыл сайын түгендеу кезінде жергілікті атқарушы органдар бюджеттік қызметкер екенін растайтын құжаттарды талап етеді.

 Бұл өз кезегінде азаматтардың көрсетілген санатқа жататынын үш күн ішінде растауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан да, «бюджеттік ұйымдар» ұғымы мемлекеттік тұрғын үй қорының баспанамен қамтылуға үміткер болуға құқылы адамдар тобын анықтау мақсатында енгізіліп отыр», - дейді Е. Досаев.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу