Шорт-тректен Қостанай облысының спортшылары жеңімпаз атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шорт-тректен Қостанай облысының спортшылары жеңімпаз атанды

06.11.2014
Шорт-тректен Қостанай облысының спортшылары жеңімпаз атанды

Орал қаласында балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың шорт-трек бөлімшелері командалары арасында ел біріншілігі өткізілді.

Жарысқа Астана қаласы, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының спортшылары қатысып, жас ерекшеліктеріне қарай түрлі қашықтықта бақ сынасты.

Чемпионат қорытындысында барлығы 2276 ұпай жинаған қостанайлықтар жеңімпаз атанды. 1910 ұпаймен батысқазақстандықтар екінші, қарағандылықтар (1207 ұпай) үшінші орынды иеленді.

Хабарламаларға жазылу