Жиында «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жер қойнауын пайдалану мәселелері мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасы талқыланды.
Әсет Исекешев австралиялық тәжірибені назарға ала отырып, геологиялық барлау жұмыстары жүргізілетінін атап өтті. Өйткені, бұл үлгі бүкіл әлем бойынша үздік ретінде бағаланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Канада, Чили, Перу секілді мемлекеттер осы австралиялық тәжірибені пайдаланып, нәтижесінде геология мен жер қойнауын пайдалану саласында инвестициялық тартымдылықтан озық шығып отыр. Мәселен, Канаданың қор биржасында геологиялық барлау саласындағы компаниялардың капиталдандыруы 58 милилард долларды құрайды. Ал Австралияда әлемнің барлық дерлік ірі компаниялары жұмыс жасайды, бір ғана батыс Австралияда жұмыс істейтін компаниялар саны 15 мыңнан асады», - деді Ә. Исекешев.