«Әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі картасы» мобильді қосымшасы әзірленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі картасы» мобильді қосымшасы әзірленді

05.11.2014
«Әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі картасы» мобильді қосымшасы әзірленді

Мобильді қосымша краудсорсинг ұстанымы бойынша республика тұрғындарынан келіп түскен ақпараттар негізінде құрылады.

Қолжетімділік картасы мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесумен қатар, оларды қала инфрақұрылымындағы қолжетімді нысандар туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталған.

IOS және Android арқылы республиканың кез келген өңірінің тұрғыны нысанды суретке түсіріп, мәліметтерді Қолжетімділік картасына жібере алады.

Мобильді қосымшаны қажет еткен адам Play Market  және App Store арқылы тегін көшіре алады.

Қолжетімді карта санаттарына кірген нысандар - денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік, спорттық нысандар, арнайы бағдаршаммен жабдықталған жол қиылыстары, көлік тұрағы және тағы басқалары.

Түскен ақпараттар мен ұсыныстар жергілікті жердегі бастауыш партия ұйымдарына жіберіледі. Ол жерде «Нұр Отан» партиясының филиалдары әкімдіктермен және мемлекеттік органдармен бірлесіп, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту бойынша жұмыстар жүргізеді.

 

nurotan.kz

Хабарламаларға жазылу