Иван Панфилов – әскери қайраткер, генерал-майор, Кеңес одағының батыры. Иван Васильевич қарапайым кеңсе қызметкері отбасында өскен. Анасының ерте дүние салуына байланысты Петровск қаласындағы төрт кластық қалалық училищені аяқтай алмай, 1905 жылдан дүкенде жалданып жұмыс істейді.
1915 жылы орыс императорлық әскеріне шақырылып, 168-ші запастағы батальонда қызмет етті. Бірінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1917 жылдан бастап рота командирі болған.
1918-1921 жылдары қазан айында Қызыл Армия қатарына өз еркімен алынады, азамат соғысына қатысып, 25-атқыштар дивизиясында взвод, рота командирі болды. Өз еркімен Түркістан соғысына да қатысып, 1924 жылдың сәуір айынан бастап ротаны, қазан айынан бастап полкті басқарды.
1941 жылы II Дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін Алматы қаласында жергілікті ұлт өкілдерінен 316-атқыштар дивизиясын жасақтап, Мәскеуді қорғауға жіберіледі. 1941 жылдың қазан-қараша айларында Мәскеу түбіндегі қорғаныс кезінде Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясының жауынгерлері Волоколамск бағытын қорғауда асқан ерлік көрсетті.
Кейінгі ұрпақ 316-атқыштар дивизиясы арқылы білетін Панфилов қандай генерал болды? Оның біз білмейтін қандай ерекшелігі бар? Бүгін 14.00-де «Ұлты мақтанышы» хабарын көріңіз.