Астанада 8 мыңға жуық жаңа кәсіпорын ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 8 мыңға жуық жаңа кәсіпорын ашылды

04.11.2014
Астанада 8 мыңға жуық жаңа кәсіпорын ашылды

Қазір олардың жалпы саны 58 888 бірлікті құрайды. Қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының хабарлауынша, жаңа кәсіпорындар саны өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 106,3 пайызға артық, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.

Астанада шағын және орта бизнес саласында 211 мың адам жұмыс істейді.

Осылайша, Астанада қызмет ететін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны өсіп келеді. Үстіміздегі жылдың шілде айында бұл көрсеткіш 51076 субъектіні құраған. Жаңа кәсіпорындардың басым бөлігі құрылыс, сауда және қызмет көрсету салаларында шоғырланған.

Хабарламаларға жазылу