Қазақстан Жазушылар одағының ғимаратын қайта жөндеуден өткізу үшін 40 миллион теңге бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Жазушылар одағының ғимаратын қайта жөндеуден өткізу үшін 40 миллион теңге бөлінді

04.11.2014
Қазақстан Жазушылар одағының  ғимаратын қайта жөндеуден өткізу үшін 40 миллион теңге бөлінді

Қазақстан Жазушылар одағының ғимаратын қайта жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджеттен 40 миллион  теңге бөлінеді.

Бұл туралы қала әкімі Аметжан Есімов мәлімдеді. Шаһар басшысы өзінің құттықтауында Жазушылар одағының тарихи мәнін атап өтті.

«Алматыда осындай үлкен шараның өтуі тегін емес. Қаламыздың мәдени-ағарту орталық атануында ақын, жазушылардың сіңірген еңбегі зор. Сонау 1934 жылы Ілияс Жансүгіровтің басшылығымен құрылған Жазушылар одағы халқымыздың рухани өміріне зор үлес қосуда», - деді Ахметжан Есімов.

Аталған шарада бұрыннан қалыптасқан дәстүрді байыту, шығармашылықты әлем мен қоғамда болып жатқан өзгерістерге сәйкестендіру, әдебиеттегі үндестік мәселелері сөз болды, деп хабарлайды strategy2050.kz.

«Уақыт бір орнында тұрмайды, оқырмандар талабы да өзгереді. Жазушылар маңызды мәселелерді қалт жібермеулері тиіс. Қолына қалам ұстаған зиялы қауым мұраға тек әдебиетті ғана емес, саналы тәрбие де қалдырғандары абзал. Сонда ғана жас дарындардың көзі ашылатын болады», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Хабарламаларға жазылу