Астанада төрт құрылыс компаниясы Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңды бұзған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада төрт құрылыс компаниясы Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңды бұзған

04.11.2014
Астанада төрт құрылыс компаниясы Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңды бұзған

Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарында құрылыс жүргізуге рұқсат беретін құжаттар тізімін толық жинамаған, алайда, пәтерлер сатылатыны туралы хабарландыру берген төрт құрылыс компаниясы анықталды.

 Олар: «Стар Даст» ЖШС (Аниса ТК,  «Аниса-2» ТК), («Көктал-2» ТК), «Халықаралық инвестициялық-инновациялық компания» ЖШС («Тельман» ТК), «KazJordan construction company» ЖШС («Столичный-2» ТК).

Аталған тұрғын үй құрылыс компанияларының жұмысы Астанада Тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу мәселелері жөніндегі мекемеаралық комиссияның апта сайынғы отырысында қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша барлық материалды ҚР заңнамасында белгіленген тәртіпте тиісті шешім қабылдау үшін Астана қаласының Ішкі істер департаментіне жолдау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу