Астанада «Технологияларды коммерцияландыру» халықаралық форумы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Технологияларды коммерцияландыру» халықаралық форумы өтеді

03.11.2014
Астанада «Технологияларды коммерцияландыру» халықаралық форумы өтеді

4-5 қараша күндері Астанадағы Көрме орталығында «Технологияларды коммерцияландыру» халықаралық форумы өтеді.  Қазақстанда алғаш рет өткізілгелі отырған форум аясында қазақстандық жетекші инновациялық компаниялар өздерінің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жобаларымен  таныстырып, көрмеге қояды.

Форумның ашылуына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары  Гүлшара Әбдіхалықова, ҚР Президентінің көмекшісі Ербол Орынбаев, Білім және ғылым министрі  Аслан Сәрінжіпов, Дүниежүзілік Банктің Қазақстандағы аймақтық менеджері  Людмила Бутенко, Ғылым және коммерцияландыру жөніндегі халықаралық кеңес төрағасы   Гленн Швайцер қатысады.

Шараның мақсаты – инновациялық ғылыми жобаларға қазақстандық және шетелдік инвесторларды тарту, сол жобалардың коммерциялық тиімділігін арттыру, осы арқылы еліміздегі ғылыми-зерттеу, инновациялық жобалардың мүмкіндіктерін жетілдіру арқылы жалпы экономиканың дамуына ықпалдасу.

Шара барысында «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы аясында қолдау тауып жүзеге асып жатқан 49 сәтті жобамен таныстыру өтеді.  

Хабарламаларға жазылу