Геннадий Головкин Астана мен Алматыда жанкүйерлерімен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин Астана мен Алматыда жанкүйерлерімен кездеседі

01.11.2014
Геннадий Головкин Астана мен Алматыда жанкүйерлерімен кездеседі

Орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы, WBC тұжырымы бойынша уақытша Әлем чемпионы Геннадий Головкин қараша айының екінші жартысында Қазақстанға келіп, Астана мен Алматы қалаларында жанкүйерлерімен кездесу өткізбек, деп хабарлайды боксшының «Вконтакте» желісіндегі жеке парақшасында.

Онда спортшы Астана мен Алматы қалаларында жанкүйерлерімен кездесу өткізеді. Сонымен қатар, Астанада тілшілермен өтетін баспасөз мәслихатына қатысатыны айтылған.

«Мен жерлестерімің қолдауын жоғары бағалаймын. Қазақстанда менің көп жанкүйерлерім бар. Мен олармен кездесетініме қуаныштымын», - дейді Головкин.

 

Хабарламаларға жазылу