Люк Шоу: «Манчестер Ситиді» жеңуге толық мүмкіндік бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Люк Шоу: «Манчестер Ситиді» жеңуге толық мүмкіндік бар

01.11.2014
Люк Шоу: «Манчестер Ситиді» жеңуге толық мүмкіндік бар

«Қазір біз өзіміздің ең жақсы ойынымызды көрсете алмай жүрміз. Соған қарамастан, «Челсимен» өте тартысты ойын болды. Бізге барлық ойыншы өзінің толық бабына келу үшін уақыт керек. Сол себепті, біз жақын уақытта қарсыластарымыз үшін мықты команда атанамыз деген сенімдемін», - деп келтіреді ойыншының сөзін Daily Mirror.

Сонымен қатар, Люктің ойынша, «Манчестер Юнайтед» пен «Челси» арасындағы 10 ұпайға қарамастан, Ағылшын Премьер-Лигасының чемпиондық атағы үшін күрес әлі алда. 

«Әлі ештеңе аяқталған жоқ. Маусымның соңына дейін ұзақ жол жүру керек. Менің ойымша, мәреде не боларын ешкім болжай алмайды. Біз тек әр ойында ұтып, ұпай түгендеуіміз қажет. Бізді осы жексенбіде «Манчестер Ситиге» қарсы қиын ойын күтіп тұр. Алайда, біз оларды жеңуге толық мүмкіндігіміз бар», - деді ағылшындық қорғаушы.

Еске сала кетейік, «Манчестер Юнайтед» пен «Манчестер Сити» арасындағы ойынды «KAZsport» телеарнасы 2-қарашада тікелей эфирде сағат 19:30-да көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу