Қазақстан «Эбола» вирусымен күресу үшін Африка елдеріне қаржылай көмек көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан «Эбола» вирусымен күресу үшін Африка елдеріне қаржылай көмек көрсетеді

31.10.2014
Қазақстан «Эбола» вирусымен күресу үшін Африка елдеріне қаржылай көмек көрсетеді

БҰҰ-ның жауапты және дәйекті мүше мемлекеті, әлем ұлттарының сенімді серіктесі, өткен жылы Африка одағында бақылаушы ретінде кірген мемлекет  ретінде Қазақстан бұл өтінішті шұғыл қарастырып, келісімін берді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.  

Көмек, ең алдымен Африка құрлығының көп зардап шеккен елдерінің халқына көрсетілетіні ескертілді.

2014 жылғы қазан айының соңында Қазақстан Үкіметі БҰҰ «Эбола» вирусымен күресу жөніндегі Ерікті көпәріптестік қорына қаражат бөлді.

Бұл мақсатты қор үкіметтер мен басқа да әріптестердің күш-жігерін қолдау мен Батыс Африкада тараған «Эбола» вирусына байланысты мәселелерді шешуге арналған қажетті салымдарды біріктіру мақсатында құрылған.

Хабарламаларға жазылу