«Павлодар» арнайы экономикалық аймағы бойынша жұмыстар 2016 жылы аяқталады - Қанат Бозымбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Павлодар» арнайы экономикалық аймағы бойынша жұмыстар 2016 жылы аяқталады - Қанат Бозымбаев

31.10.2014
«Павлодар» арнайы экономикалық аймағы бойынша жұмыстар 2016 жылы аяқталады - Қанат Бозымбаев

«Павлодар» арнайы экономикалық аймағы бойынша жұмыстар 2016 жылы аяқталады.

 «Ertys Invest-2014» халықаралық форумы барысында облыс әкімі Қанат Бозымбаев  осылай деді.

 «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы өркен жаюда. Бұл іске 3,5 миллиард теңге жұмсалды. Келесі жылы да осындай қаражат игерілмек. Қазіргі таңда өндірістік ғимараттарда тазарту жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар екі жыл ішінде тәмамдалады»,-  деді Қ.Бозымбаев.

Аймақ басшысы сонымен қатар, жоба төңірегінде олқылықтардың барын атап өтті.

«Бастапқы техникалық-экономикалық негіздеме арнайы экономикалық аймаққа жарамсыз. Біліктілігі төмен мамандар сылбыр жұмыс істеген. Құжаттағы олқылықтар түзетіледі», - деді облыс әкімі.

 

pavlodarnews.kz

Хабарламаларға жазылу