Денис Тен Алматыдан пәтер алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денис Тен Алматыдан пәтер алады

31.10.2014
Денис Тен Алматыдан пәтер алады

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінен пәтер алады. Бұл туралы Vesti.kz. хабарлайды.

1 қараша күні спортшы Алматыда баспасөз мәслихатын өткізеді. Онда Денис Тен жаңа маусымның басталғанын және басқа да жоспарларымен бөліспек. Сондай-ақ, спортшыға Central Park Residence кешенінен пәтер сыйға тарту етілмек. Мұндай сыйлықты кімнің бергені әзірге белгісіз.

Еске сала кетейік, Денис Тен 2013 жылы өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Сочи Олимпиадасының  қола жүлдегері. Қазан айында мәнерлеп сырғанау шебері Skate America Гран-при кезеңінде өзінің жаңа бағдарламаларын жұртшылыққа паш етті. Жарыс нәтижесі бойынша қазақстандық спортшы төртінші орын алды.

Фото: zimbio.com

Хабарламаларға жазылу