Павлодарда «Ертіс Инвест-2014» инвестициялық форумы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда «Ертіс Инвест-2014» инвестициялық форумы өтіп жатыр

30.10.2014
Павлодарда «Ертіс Инвест-2014» инвестициялық форумы өтіп жатыр

Пленарлық отырыстан кейін Павлодар облысы әкімдігі және ұлттық холингтер, банктер, даму институттары бірқатар келісімшарттарға қол қойды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Маңызды құжаттың тақырыбы  «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-мен 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысын салу болды.

«Қазақстан даму банкі» АҚ Павлодар облысы инфрақұрылымдық жобаларын қаржыландыруды жоспарлап отыр. Бұл ретте әкімдік өз тарапынан аймақта инвестициялық қолайлы ахуал жасауды қамтамасыз етеді. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен келісімшартты  іске асыру аясында тараптар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қаражат бөлу өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі ынтымақтастықты бірауыздан қолдады.   Бұған қоса, әрбір тарап 200 млн теңге сомасында жасалған меморандумды қаржыландыру мүмкіндігін қарастырады.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-мен бірлесіп,  облыс әкімдігі үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастырады. Меморандум аясында «KAZNEX INVEST» инвестициялар мен экспорт жөніндегі ұлттық агенеттік» АҚ және әкімдік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін әлеуетті отандық серіктестер іздестіреді.

«Сбербанк» АҚ меморандум аясында аймақтағы өндірістік кәсіпорындардың инвестициялық жобаларын қаржыландыруды көздейді.

Еуропалық банк өз тарапынан Павлодар қаласының  трамваймен тасымалдау жүйесін жаңғыртуға үлес қосады. Меморандумға сәйкес Еуропалық банк бұл мақсатта 2,73 млрд. теңге, қосымша 290 млн. теңгеге грант  бөледі.

Хабарламаларға жазылу