Қазақстан Жазушылар одағын басқарған азаматтар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Жазушылар одағын басқарған азаматтар

30.10.2014
Қазақстан Жазушылар одағын басқарған азаматтар

1936 жылы Ленинградтың тарих, философия және әдебиет институтының аспирантурасын бітіріп келген Мұхамеджан Қаратаев алғашқыда Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы, ал, 1938 жылы төрағасы болып сайланды.

Мұхамеджан Қаратаев бұл жылдары педагогикалық жұмыстарды қоса атқарып, ҚазПИ-де кафедра меңгерушісі еді. Ол Ленинградта жүргенде елге қызметке шақырылады.  

Дәл сол жылы Сәбит Мұқанов қызметінен босатылып, партиядан шығарылды. Сәбит Мұқановтың бұл қызметінен кетуіне Сәкен, Бейімбеттермен жақын болуы Алматыға келгенде Мағжан Жұмабаевты күтіп алуы себеп болған.

Мұхамеджан Қаратаев 1937-ші жылы өткен Жазушылар одағы пленумының қорытындысы бойынша, «Абай және Пушкин» атты көлемді мақала жариялайды.

«Ақиқатын айтар болсақ, ол кезде «ұлтым дегеннің ұрты тілініп, жұртым дегеннің жағы сынып», жатқан кез болатын. Сол уақытта Сәкендер осы ұйымды құрды. Одан кейін Ілияс Жансүгіров, Ғаббас Тоғжановтар басшылық етті. Кейін Сәбит Мұқанов, Әбділдә Тәжібаев, Мұхамеджан Қаратаев секілді алыптар келді»,-дейді Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин.

Мұхамеджан Қаратаев төрағалық қызметте бір жыл ғана отырды.

Жазушылар одағының басқа да төрағалары турасында толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу