«Әйел бақыты» бағдарламасының ашық есік күні өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әйел бақыты» бағдарламасының ашық есік күні өтті

29.10.2014
«Әйел бақыты» бағдарламасының ашық есік күні өтті

25 қазан күні Астанадағы «Astana-Mall» сауда үйінде «Әйел бақыты» бағдарламасының ашық есік күні өтті. Іс-шара сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жалғасты. Психолог, гинеколог, заңгер мамандары бір күн бойы қыз-келіншектерге тегін кеңес берді.

Шара әйелдердің қоғамдағы орнын анықтауға, ортаға бейімделуіне, гендерлік теңдік пен әйел құқықтары мен мүмкіндіктерін білу мақсатында ұйымдастырылылды.

Кеңес алуға тіркелген 102 адам ішінде, уақыттың тығыздығына байланысты 38 адамға қызмет көрсетілді. Соның ішінде 32 адам - гинеколог, 28 адам - психолог, 19 адам - заңгер маманының қызметіне жүгінді.

Іс-шараның өтуіне «Қазақстандық шығармашыл әйелдер одағы» қолдау көрсетті. Сондай-ақ, психолог маман - Камила Күзембаева, гинеколог маман - Айгүл Мұсабаева, заңгер - Дархан Жабаев атсалысты.

Маман қызметіне жүгінген қыз-келіншектер өздерінің ризашылығын білдіре отырып, мұндай іс-шараның жиі өтуін, сондай-ақ, стилист маманынан кеңес алу мүмкіндігін жасауды сұрады. 

Хабарламаларға жазылу