Үкіметтік емес ұйымдар туралы жаңа Заңның ерекшелігі неде? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметтік емес ұйымдар туралы жаңа Заңның ерекшелігі неде?

29.10.2014
Үкіметтік емес ұйымдар туралы жаңа Заңның ерекшелігі неде?

Үкіметтік емес ұйымдар  туралы жаңа Заң отандық ҮЕҰ-дардың мемлекет бюджеті есебінен қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейте түседі.

Себебі, бүгінге дейін еліміздегі үкіметтік емес ұйымдар халықаралық ұйымдар мен шетелдердің бөлген гранттарына ғана «күнін көріп» келгені белгілі.

Ал, жаңадан дайындалған Заң жобасында оларды мемлекет есебінен қаржыландыру ұсынылып отыр.

ҮЕҰ-дар қаражатты өзінің дамуына жұмсай алмады. Яғни, оларда құрал-жабдықтар сатып алып, өз қызметкерлерінің біліктілігін көтеретін мүмкіндіктер болған жоқ. Егер қаражат осындай мақсаттарға жұмсалған болса, ол бюджет ақшасын мақсатсыз жұмсау деп саналды.

Мұның соңы  неге апарып соқтыратыны белгілі. Сондықтан, жаңа Заң жобасында осындай мәселелерді шешу көзделген.

Бүгін 17.50-де «Өзекжарды» бағдарламасы осы мәселе төңірегінде әңгіме өрбітпек. Студия қонағы – Еуропа құқығы және адам құқығы сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов.

Хабарламаларға жазылу