Астанада «Болашақ» бағдарламасының түлектеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Болашақ» бағдарламасының түлектеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді

29.10.2014
Астанада «Болашақ» бағдарламасының түлектеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Ертең Астана қаласы Тәуелсіздік сарайында «Болашақ» бағдарламасының түлектеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ хабарлады.

Түлектер жұмыс берушілермен кездесіп, әңгімелесуден өту, экономиканың түрлі салаларындағы сарапшылардың шеберлік сыныптарына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Жәрмеңкеде 40 астам кәсіпорын бос жұмыс орындарын ұсынады.

Атап айтқанда, «Аir Астана» әуе компаниясы, «COSMIKazakhstan» ЖШС, Назарбаев Университеті, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, BI-Group, «Хабар» агенттігі» АҚ.

Жәрмеңке барысында «Болашақ» қауымдастығының бағдарлама түлектеріне жұмысқа орналасуға көмектесуді мақсат еткен «Мансап» орталығының таныстырылымы өтеді.

Хабарламаларға жазылу