Биыл елордада 103 бала асырап алынған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл елордада 103 бала асырап алынған

29.10.2014
Биыл елордада 103 бала асырап алынған

Бүгінгі таңда қаракөздерді қанатына басып, қамқорлық көрсетіп жатқан азаматтар жоқ емес. Елордада арнайы шара ұйымдастырылып, кең пейілді жандар марапатталды.

Шарада ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасында тәрбиелеп отырған 100 қамқоршыға арнайы грамоталар мен сыйлықтар тапсырылды.

Бүгінде елордада ата-анасының қарауынсыз қалған 1029 қаракөз болса, оның 383-і интернаттық мекемелерде тәрбиеленуде.

2014 жылы 103 бала асырап алынған. Оның ішінде 65 бала Балалар үйінен асырап алынса, 26 бүлдіршін туған отбасына қайта оралған. Ал, қалған 6-ы патронаттық тәрбиеде.

Хабарламаларға жазылу