«Қазақфильм» кастинг жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақфильм» кастинг жариялады

29.10.2014
«Қазақфильм» кастинг жариялады

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Sataifilm» компаниясымен бірлесе отырып, «Анаға сапар» («Дорога к матери») атты тарихи-хикаялық фильмге кастинг жариялайды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Кастингке кез келген қазақстандық қатыса алады. Негізгі басымдық театр актерлеріне, актерлік білімі бар жандарға, колледждер мен институттардың, шығармашылық студенттеріне және клиптерге, кинолар мен телехикаяларға түсуде тәжірибесі барларға беріліп отыр.

Кастингке қатысуға ниет білдіргендер casting_satai@mail.ru поштасына анкетасын, фотосуретін және бейнежазбасын жолдай алады, хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясының сайтында.

Көрерменге «Рэкетир», «Ағайынды», «Адасқандар», «Ликвидатор», «Жаужүрек мың бала» фильмдерімен жақсы таныс режиссер Ақан Сатаевтың бұл туындысы Жеңіс күніне арналады.

Хабарламаларға жазылу