Түркия фотографы Анкарада Қазақстан туралы көрме ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия фотографы Анкарада Қазақстан туралы көрме ұйымдастырды

28.10.2014
Түркия фотографы Анкарада Қазақстан туралы көрме ұйымдастырды

Анкарада Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің көмегімен белгілі түрік фотографы Явуз Алатанның «Қазақстан туралы фотосуреттер» фотокөрмесі ұйымдастырылды.

Фотокөрме қазақ-түрік мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарын одан әрі дамытуға бағытталған, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.  

Шараға Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің өкілдері, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі қызметкерлері, Анкара дипломатиялық корпусының, халықаралық ұйымдардың, Түркияның қоғамдық-саяси және ғылыми-академиялық топтарының өкілдері, қазақ студенттері мен диаспорасы қатысты.

Явуз Алатан - Түркияның танымал журналисі және фотографы. Оның туындылары Анкара мен Стамбулдың орталық сурет галереяларында көрсетілуде.

Хабарламаларға жазылу