Анкарада Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің көмегімен белгілі түрік фотографы Явуз Алатанның «Қазақстан туралы фотосуреттер» фотокөрмесі ұйымдастырылды.
Фотокөрме қазақ-түрік мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарын одан әрі дамытуға бағытталған, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Шараға Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің өкілдері, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі қызметкерлері, Анкара дипломатиялық корпусының, халықаралық ұйымдардың, Түркияның қоғамдық-саяси және ғылыми-академиялық топтарының өкілдері, қазақ студенттері мен диаспорасы қатысты.
Явуз Алатан - Түркияның танымал журналисі және фотографы. Оның туындылары Анкара мен Стамбулдың орталық сурет галереяларында көрсетілуде.