Қазақстанда көлік-логистикалық құрылымы қалыптасуда – Н. Назарбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда көлік-логистикалық құрылымы қалыптасуда – Н. Назарбаев

28.10.2014
Қазақстанда көлік-логистикалық құрылымы қалыптасуда – Н. Назарбаев

Қазақстан шетелдік инвесторларды тарту үшін жағдай жасап, көлік-логистикалық құрылымды құруда. Бұл туралы Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Х Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Жаңа индустриялық бағдарлама аясында БАӘ, Иран, Түркия және Малайзия сияқты серіктестерімізбен белсенді жұмыс істей бастадық. Аталған елдердің инвестиция көлемі 3 миллиард АҚШ долларынан асады. Бізде сомасы 2,5 миллиард АҚШ доллары болатын 15-тен астам жақсы жоба бар, бұл - жұмыстың басы ғана», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы 10 мың шақырымнан асатын автомобиль жолдары және 2,5 шақырым теміржол салынғанын және қайта жөндеуден өткенін, Қытайдан Парсы шығанағына дейінгі қашықтық 1200 шақырымға қысқарғанын айтып өтті.

Хабарламаларға жазылу