Мемлекет басшысы Дубай қаласына келді

28.10.2014
Мемлекет басшысы Дубай  қаласына келді

Қазақстан Президенті  X Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына қатысу үшін Дубай қаласына келді.

Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті, премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі Мұхаммед бен Рашид Аль Мактуммен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар өзара іс-қимылдың сауда-экономикалық, инвестициялық, индустриялық-инновациялық және көлік-логистикалық салаларындағы басым бағыттарын талқылады.

Сондай-ақ, Каспий теңізінде бірқатар жобаны бірлесе жүзеге асыру және Қорғас көлік-сервис торабын дамыту бойынша ынтымақтастықтың мүмкіндіктері қарастырылды.

Хабарламаларға жазылу