Павлодарда «Ертіс Инвест-2014» халықаралық форумы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда «Ертіс Инвест-2014» халықаралық форумы өтеді

28.10.2014
Павлодарда «Ертіс Инвест-2014» халықаралық форумы өтеді

Қазан айының 30-да Павлодарда өтетін «Ертіс Инвест-2014» халықаралық форумында 67 инвестициялық жоба мен 57 ғылыми жұмыс ұсынылмақ, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық Индустриалық-инновациялық даму басқармасының басшысы Николай Дычконың айтуынша, ауқымды форум барысында таныстырылатын жобалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік өндіріс салаларына қатысты болмақ. Айта кетерлігі, аталмыш жобаларды іске асыру 2,5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Форумға Қазақстанмен ынтымақтастықта жұмыс жасайтын шекаралас өңірлер, ҚР-дағы елшілік қызметкерлері, бизнес қауымдастығы, мемлекеттік органдардың, даму институттарының, ұлттық компаниялардың, Қазақстан Республикасы мен өзге елдердің ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері шақырылды.

Жиынға ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев қатысады.

Хабарламаларға жазылу