Болгарияда қауіпсіздіктің жоғары деңгейі - қызыл белдік жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Болгарияда қауіпсіздіктің жоғары деңгейі - қызыл белдік жарияланды

27.10.2014
Болгарияда қауіпсіздіктің жоғары деңгейі - қызыл белдік жарияланды

Болгарияның  оңтүстік-батысындағы бес өңірде қалың қардың салдарынан қауіпсіздіктің жоғары деңгейі - қызыл белдік жарияланды.

Аудандарда жол қозғалысы шектеліп, электрбайланыс желілері үзілген, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Қазіргі уақытта елдің София, Самокова, Трояна елді мекені аумақтарындағы 33 мыңға жуық отбасы жарықсыз отыр.

Сонымен қатар, София - Пловдив – Бургас автожолында көлік қозғалысы шектетілді.

Табиғи қатердің алдын алу мақсатында елдің ІІМ жедел штаб құрылды.

 

Хабарламаларға жазылу