Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігі жауын-шашынды болып, қар жауады. Сондай-ақ, тұман, көктайғақ, сырма жүріп, күшті жел соғады деп күтілуде. Тек еліміздің батыс аймағында ғана күн ашық, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Павлодар, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерінде боран соғып, желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-22 м/с дейін күшейеді.
Алматы, Жамбыл облыстарында кей жерінде тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ал Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады, Қызылордада - көктайғақ.