Павлодар қаласында ұйымдастырылған «Әлем Барысы» халықаралық турнирі аяқталды. Финалда қазақстандық Айбек Нұғымаров пен кубалық Оскар Рене Видал Брайсон белдесті.
Бейжің Олимпиадасының жүлдегері Оскар Рене Видал Брайсон шешуші белдесуде мықтылық танытып, алтын белбеуді иеленді. Бас жүлдеге - 100 мың АҚШ доллары берілді.
Екінші орынды Айбек Нұғымаров иеленсе, ресейлік Максим Ширяев үшінші орыннан көрінді.