Қазіргі кезде көптеген ауру түрін емдеуге қолданылатын дәрі-дәрмектердің алуан түрі кездеседі. Сол дәрілерді орынсыз сатып ала бермей, тек қажет уақытында ғана керегін алған дұрыс.
Оның үстіне, қала тұрғындарына артық дәрі сатып алудың қажеті де жоқ. Біріншіден, ол дәрі үйде көп тұрған соң күшін жоғалта бастайды, екіншіден, кейде үйдегі дәрі балалардың қолына түсіп, улануы сияқты өкінішті жағдайларға да соқтыруы ықтимал.
Кейбір ата-ана балаларына тұмау тисе де, іші өтсе де, дәрігерге қаралып жатпай-ақ, өз бетінше жөн-жосықсыз ем жасап, дәрі ішкізетіндері де кездеседі. «Менің балама мына дәрі өте жақсы көмектесіп еді, сенің балаңа да көмектеседі» деп, дәрі әкеліп беретін таныстар мен көршілер де табылады.
Ал, дәрінің бәрі бірдей пайдалы бола бермейді. Бүгін 21.05-те «Айтуға оңай...» осы тақырыпты әңгімеге арқау етпек.