Астана құрамасы велотректен Қазақстан чемпионатында көш бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана құрамасы велотректен Қазақстан чемпионатында көш бастады

24.10.2014
Астана құрамасы велотректен Қазақстан чемпионатында көш бастады

«Сарыарқа» республикалық велотрегінде Қазақстан чемпионаты өтті. Жалпыкомандалық есепте Астана құрамасы бірінші орын алды. 

Екінші орында - Алматы облысының спортшылары, ал,  қызылордалықтар үшінші орынға табан тіреді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Спортшылар тректің үш түрі бойынша - мэдисон, гит және спринтер жарыстарында сынға түсті.

Мэдисон жұптасып жарысу сынында ерлер арасында Оңтүстік Қазақстан облысының велошабандоздары Диас Өмірзақов пен Сұлтанмұрат Мырзалиев көш бастады.

Ал, жасөспірімдер арасында Вадим Пронский мен Тимур Қуатов үздік атанды.

Хабарламаларға жазылу