Астанада «Ақ жебе» клубының отырысы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Ақ жебе» клубының отырысы өтеді

23.10.2014
Астанада  «Ақ жебе» клубының отырысы өтеді

24 қазан күні Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Ақ жебе» клубының отырысы өтеді. Отырысқа танымал блогер, тележүргізуші, «Республика – Аймақ - Даму» қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтүк, «Қазақстан блогерлері альянсының» өкілдері, тәуелсіз блогерлер және студенттер қатысады.

Басқосу барысында блогерлер альянсы, оны құрудағы мақсат және басқа да тақырыптар талқыға салынбақ. Қатысушылардың көкейіндегі сұрақтарына жауап алуына мүмкіндік бар.

Шара сұрақ-жауап форматында өтеді. Бұл басқосу көптеген жас блогерлерге «Альянстың» құрылу себебін, мақсатын, мемлекеттік БАҚ-мен өзара байланысын  түсінуге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде «Альянс» өкілдері жастарған өздерінің бағытын айтып, алдағы жоспарларымен бөліспек.

Хабарламаларға жазылу