Атырау облысында «Тіл - халық жанын танудың кілті» атты мемлекеттік тілді дамыту бойынша олимпиада өтті.
Шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу өрісін ұлғайту, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, орыстілді жастардың мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын артыру.
13 адам қатысқан облыстық турда Гран-при иегері болып, К.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледждің студенті Туранова Нигора атанды.
Ол республикалық олимпиадада бақ сынайтын болады, деп хабарлайды strategy2050.kz.