Қазақстан жол ғылыми зерттеу институтына – 55 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан жол ғылыми зерттеу институтына – 55 жыл

23.10.2014
Қазақстан жол ғылыми зерттеу институтына – 55 жыл

22 қазан күні Алматыда Қазақстан жол ғылыми зерттеу институтының  55 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті. 

Оған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі  мен Автомобиль жолдары комитетінің өкілдері, ТМД елдерінің жол саласындағы ғалымдары мен ардагерлері қатысты.

Шара барысында «Автомобиль жолдарындағы жол жамылғыларын жобалау» атты жаңа нормативтік құжат бойынша жұмыс тобының ғылыми мәжілісі болды.

Мерейтой барысында автомобиль жолдары саласындағы көпжылдық еңбегі мен ғылымға қосқан үлесі үшін  сала мамандары мен ардагерлеріне марапаттаулар мен медальдар, алғыс хаттар табыс етілді.

Фото: fryazino.gde.ru

Хабарламаларға жазылу