«Таңшолпанда» - Австралия және Камерун палуандары қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - Австралия және Камерун палуандары қонақта

23.10.2014
«Таңшолпанда» - Австралия және Камерун палуандары қонақта

25 қазан күні Павлодарда қазақ күресінен «Әлем барысы» турнирі өтпекші. Осыған орай қазақ күресінен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жаттықтырушысы Марат Жақып, Австралия палуаны Джейсон Безуденхут және Камерун палуан Дьедонне Долассем «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Біз Қазақстан атынан төрт палуанды баптап жатырмыз. Олар «Қазақстан барысында» жүлде алып жүрген Бейбіт Ыстыбаев, Айбек Нұғымаров, Руслан Әбдіразақов және Асыл Барменов. Бұл біздің төл спортымыз болғандықтан, біздің палуандар жеңіске жетеді деген сенімдеміз. Жалпы, сайысқа 38 палуан қатысады, оның 34-і – шетелден келгендер»,-дейді жалпы турнирдің барысына тоқталған Марат Жақып.

Астанаға алғаш аяқ басқан шетелдік палуандар қаланың алдымен ауа райымен ерекшеленгенін айтады. «Біздің елдерде күн өте ыстық. Астана – бізге ең бірінші, ауа райымен ерекшеленді»,-дейді олар.

«Ең алғаш рет қазақ күресі туралы өзіміздің камерундық спорт телеарнасынан білдім. Онда қазақ күресінің ережелері және қазақ палуандарының күресі туралы видеолар көрсетілді. Сондай-ақ, ғаламтор желісінен қазақ күресі туралы ақпарат іздей бастадым»,-дейді Дьедонне Долассем.

Ал, австралиялық палуан: «Мен мұндай спорт түрін ең алғаш ғаламтордан алдым. Сонымен қатар, бұған түрткі болған жағдай Александр Парыгин 2010 жылы Қазақстанда өткен қазақ күресінен Әлем чемпионатына келді. Оның алып барған спортшысы 3-ші орынды иеленді. Осыдан кейін менің де қазақ күресіне деген қызығушылығым арта түсті»,-дейді Джейсон Безуденхут.

«Қазақ палуандарының оның ішінде Айбектің, Асылдың алып палуандар екеніне, қазақ күресін дамытып жүрген азаматтар екеніне көзіміз жетті. Сонымен қатар, бұл палуандардан байқағаным – тәжірибесі мол тарландар. Олардың қажырлы қайрат иесі екені көрініп тұр. Алдағы уақытта қазақ күресі Олимпиада ойындары деңгейіне жетеді деген ойдамыз және бұл жолда шаруалар атқарылып жатқаны байқалады»,-дейді австралиялық палуан.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу