«Әдемілік түріңнен көрінеді, қайырымдылық ісіңнен көрінеді»,-дейді дана халқымыз. Әдемілік сияқты емес, қайырымдылық өзін дәлелдеуді қажет етеді.
Қолындағы барымен көпшілікпен бөлісіп, тағдырдың тауқыметімен ғаріп күн кешкендердің алғысына бөленуден шексіз ләззат алып, қайырымдылық жасап жүрген жандар аз емес ортамызда.
Міне, сондай жандардың бірі – Зинаида Гусакова. «Қолы ашықтың – жолы ашық», демекші қолындағы барын өзгемен бөлісуге құмар, бойындағы өнерін өзгелерге үйретуден жалықпайтын жан туралы бүгін 14.05-те «Жаныңда жүр жақсы адам» хабарынан көре аласыздар.