2014 жылдың 25 қазанында қазақстандық жас шығармашылық ұйым «Astana Ballet» Корея Республикасының астанасы Сеул қаласында өнер көрсетеді.
Әлемдік турненің ақтық концертінде корей көрермендеріне бір актілі «Әлем» балетін ұсынбақшы.
Балет қойылымының авторы – ресейлік хореограф Никита Дмитриевский. Музыкасын дайындаған Болат Гафаров пен Арманд Амар.
Балет либреттосын жазған Бақыт Қайырбеков. Ал, Қазақстанның бай мәдениетін көрсете білген визуалды тұжырымдаманы Леонид Басин әзірледі.
Айта кетейік, «Astana Ballet» тобы бұдан бөлек, қыркүйек айында гастрольдік сапармен Еуропаның жетекші қалалары Париж, Вена және Мәскеуде болды.